Латвияда G-Global қолдау бойынша ұйым ашылды

17 Наурыз, 2014 10:10
Ригада Латвия мен Қазақстанның бизнес қауымдастығының өкілдері «Global Foundation» КЕҰ коммерциялық емес ұйымды тіркеді. Ол әлемде Еуропа елдері бойынша G-Global қолдау көрсететін екінші коммерциялық емес ұйым болды.

2014 жылдың сәуір айында Латвияның Рига қаласында Әлем тенденциясы, идеялар мен іскерлік байланыстар форумы аясында (World Trends Forum) «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығының және Астаналық экономикалық форумының (АЭФ) өкілдері қатысады деп күтілуде.

«Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығынан хабарлағандай, G-Global алаңын Балтық және Еуропа елдерінде тарату және оны дамыту үшін, Астаналық экономикалық форумның жетістіктері мен оны насихаттау, қоғамның, БАҚ мен бизнесті мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың басшыларына ұсыныс даярлау бойынша  назарын аудару жұмыстарын жүргізу үшін АЭФ World Trends Forum (WTF) серіктестік орнатуда.

Форумның негізгі мақсаты бар, ол Қазақстан мен Еуропаның ынтымақтастық терезесі ретінде қалыптасуы тиіс.  Екі тараптың пайымынша, екі беделді конференциялардың ынтымақтастығы бизнес пен мемлекет арасындағы серіктестікті тездетуге мүмкіндік береді.

Әлем тенденциясы, идеялар мен іскерлік байланыстар форумының ұйымдастырушылары Қазақстанның елордасында 2014 жылдың 21-23 наурыз аралығында өтетін АЭФ қатысу үшін Балтық жағалауынан келетін делегеция құрамын жасақтауда.

Барлық жаңалықтар