ОҚО-да ҮИИД МБ аясында кірпіш зауыты ашылды

17 Наурыз, 2014 09:30
«Агро V» ЖШС кірпіш зауыты жылына 25 млн дана кірпіш шығаратын болады.

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, жоба құны 527 млн тенге. «Агро V» кірпіш зауыты жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтін болады. Бүгінге дейін облыстағы 70 шақты кірпіш зауытынан тек 5-еуі ғана барлық маусымдық өндіріс технологиясына иелік етеді.

Зауыт директор Нұралы Әбішевтің мәліметінше, зауыттың технологиялық құрылғылары арнайы ҚХР-нан тапсырыс бойынша алынған. Ол көпкомпонентті шикізаттан сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Автоматтандырылған құрылғы өндірілген өнімнің қатаң геометриялық теңдігін сақтауда таптырмас құрал. Зауыт директорының сөзіне сүйенсек, мұндай зауыт технологиясы ҚР бойынша теңдессіз болып табылады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікте экологиялық қауіпсіздік мәселесіне баса көңіл бөлінеді. Өндіріс қалдықтары қайтадан екінші рет өндіріс орнына жөнелтіледі.

«Бизнесті жол картасы-2020» бағдарламасы аяснда аталмыш кәсіпкерлік инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, өндіріс шығару үшін алынған несиенің пайыздық үстемесіне субсидия бөлді. Жалпы, ОҚО-дағы ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының индустриялды картасына 21 мыңдай жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген 705,2 млрд теңгенің 170 жобасы қамтылған», - дейді облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев

Барлық жаңалықтар