- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Мәскеудегі көрмеде елдің туристік мүмкіндіктерін таныстыруда
Қазақстан Мәскеудегі көрмеде елдің туристік мүмкіндіктерін таныстыруда
Қазақстандық стендтің ұйымдастырушысы ретінде ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті қатысуда. Қазақстандық стенд киіз үй түрінде бейнеленген, деп хабарлайды ведомства.
Көрмеде қазақстандық стендті Дүниежүзілік туристік ұйымның (ЮНВТО) Бас хатшысы Талеб Рифаи тамашалап, өңірдегі туризм саласының дамуындағы оң жетістіктердің байқалатынын айта келіп, «Ұлы Жібек жолы» секілді туристік өнімін өңірде барынша кеңінен тарату керектігін тілге тиек етті. Дүниежүзілік туристік ұйым Бас хатшысының айтуынша, 2013 жылы әлемдік туристік ағым миллиардтаған планкадан асқан. Туристік мақсатпен 1 млрд. 87 млн. адам шекара асқан. Биыл аталмыш туристік ағым тағы 4,5-5% көбейеді деген болжам бар.
ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті төрағасы Марат Иғалиевтің мәліметінше, биыл көрмедегі қазақстандық стендте тек өңірлердің туристік әкімдіктері ғана емес, сонымен қатар көптеген туристік компаниялар қатысуда.
Жоспар бойынша Қазақстан Астана мен Алматы қалаларында және Алматы мен Маңғыстау облыстарында ЭКСПО-2017 көрмесінің арнайы тұсаукесерін ұйымдастырып, елдің туристік мүмкіндіктерін жаһандық деңгейде таныстыруды жоспарлауда.
Айта кету керек, биыл көрмеге әлемнің 148 елі мен өңірлері қатысуда. Ал шараға қатысуға 1500 шамасында компания өтініш берген. Ұйымдастырушылардың болжамынша, көрмеге 80 мыңдай адам келмек. Көрме бірінші кезекте кәсіби аудиторияға арналған. Көрме аясында қазақстандық делегация конференцияларға, семинарларға, шеберлік сыныптары, дөңгелек үстелдер мен тұсаукесер рәсімдеріне қатыспақ.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы