- Басты
- Жаңалықтар
- Атырауда «Каспий қайраңын дамыту» атты халықаралық мұнай-газ конференциясы өтті
Атырауда «Каспий қайраңын дамыту» атты халықаралық мұнай-газ конференциясы өтті
Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған ауқымды шараға мұнай-газ саласының білгір мамандары, саясаткерлер, экономистер қатысты. Форумға жиналғандар – «Каспий теңізіндегі кен орындары жобасын сәтті жүзеге асыруға арналған заманауи технологиялар» атты тақырыпты талқыға салып, аталмыш сектордың артық-кем тұстарын таразылады.
Қайраңды игеруде қазіргі инновациялық технологиялардың ерекше рөл атқаратынын айтып, бұл ретте мұнай-газ саласында соңғы жетістіктерді тілге тиек етті. Мәжілістің келесі күнінде Каспийдегі өңірлік жобалар, оның ішінде – Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы шельфтік кен орындарын әзірлеу, теңіздің ресейлік секторындағы шельфтік кен орындарын игеруді ілгерілету туралы ұсыныс айтылды.
Осы орайда Халықаралық энергетика агенттігінің (IEA) атқарушы директорының орынбасары Ричард Джонс әлемдік мұнай өндіру саласында Каспий өңірінің ықпалы артып келе жатқанын айтып: «Жергілікті мұнай өндірісі әлі біраз уақытқа дейін тәулігіне 2,93 млн. баррель деңгейін сақтап тұрады», – деді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды