Сенатор С.Ақылбай Армения Республикасының Елшісі Ака Саакянды қабылдады

15 Наурыз, 2014 10:49
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай АрменияРеспубликасының Елшісі Ака Саакянды қабылдады. Жүздесуге сенатор Владимир Бобров та қатысты.

Парламент Сенатында хабарлағандай, кездесу барысында парламентаралық, мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл және еуразиялық ықпалдастық мәселелері талқыланды.

С.Ақылбай Елшіге Сенаттың заң шығару үдерістері туралы әңгімеледі.

Барлық жаңалықтар