• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат Төрағасы Халықаралық бейбітшілік институтының басшысымен және Жапония Елшісімен кездесті

Сенат Төрағасы Халықаралық бейбітшілік институтының басшысымен және Жапония Елшісімен кездесті

15 Наурыз, 2014 09:28
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық бейбітшілік институтының Президенті Терье Род-Ларсенмен кездесті.

Белгілі норвег дипломаты, БҰҰ Бас Хатшысының бұрынғы орынбасары және Таяу Шығыстағы бейбіт реттеу жөніндегі БҰҰ-ның Арнаулы үйлестірушісі Т.Род-Ларсен өзі басқарып отырған Халықаралық бейбітшілік институтының сараптамалық қызметі мен жобалары туралы баяндап берді, деп Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Жүздесушілер қазіргі замандағы халықаралық қатынастар, қауіпсіздік және халықаралық құқықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ құбылмалы әлемдегі Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлі туралы пікір алмасты.

Сол күні Қ.Тоқаев Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Масаеси Камохараны да қабылдады. Парламентаралық байланыстардың келешегі, сондай-ақ екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды. Қ.Тоқаевтың пікірінше, Жапония Премьер-министр Шиндзо Абэнің Қазақстанға жоспарланып отырған сапары Қазақстан мен Жапония қатынастарындағы маңызды оқиға ретінде өзара тиімділікке қуатты серпін беретін болады.

Барлық жаңалықтар