• Басты
  • Жаңалықтар
  • Атырауда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяны қолдау бағытында акция ұйымдастырылды

Атырауда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяны қолдау бағытында акция ұйымдастырылды

15 Наурыз, 2014 09:00
Атырау қаласында Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяны қолдау бағытында акция ұйымдастырылды.

Оған облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов, ҚР Жазушылар одағы төрағасының орынбасары М.Райымбек, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер жазушы-драматург Р.Отарбаев, зиялы қауым өкілдері, саяси партия, үкіметтік емес ұйымдар, этно-мәдени бірлестіктер жетекшілері, БАҚ және студенттер қатынасты, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Шара барысында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне арнап «Еліме тілерім» атты тілек білдіру тақтасы орнатылды. Оған алдымен облыс әкімі өзінің жылы ізгі тілегін жазып, кейін аға буын және жас ұрпақ өкілдері ғибратты да жүрекжарды тілектерін білдірді.

Атырау облысында өткізіліп жатқан осы «Мәңгілік Ел» Патриоттық актінің ерекшелігі сол, ол тәуелсіздікті көксеген Алаштың көрнекті азаматы Х.Досмұхамедовтың аты берілген оқу орнында өтіп жатуы. Мұның өзі Қазақ елінің ұрпақтар сабақтастығының және жас ұрпақтың бойына «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяның негізгі құндылықтарын сіңдірудің көрінісі. 

Барлық жаңалықтар