ҚР-да «этика бойынша кеңесші» институтын құруды жоспарлауда

14 Наурыз, 2014 16:36
Бүгін Ақмола облысының Бурабай кентінде Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің орталық аппаратының, Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық органдары және Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары, Астана қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті қызметкерлерінің қатысуымен өңірлік семинар өтті.

Өңірлік даму министрлігінде хабарлағандай, семинар барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері ар-намыс кодексінің нормаларын, заңнамалық нормаларын, жемқорлыққа қарсы күрес бойынша халықаралық тәжірибені сақтау, сонымен қатар, мемлекеттік бақылау және қадағалау  мәселелерін талқылады.

Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзуының және сыбайлас жемқорлық әрекетінің алдын алу бөлігінде мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі халықаралық тәжірибемен Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі - Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жеңіс Қоржынов айтып өтті.  Оның пікірі бойынша, мемлекеттік органдарда этикалық және сыбайлас жемқорлық әрекеттердің алдын алу бойынша өкілетті тұлғаның институтын («этика бойынша кеңесшілер») мақасатты түрде қарастыру қажет.

Аталған институт АҚШ, Канаданың мемлекеттік органдарының құрылымына енгізілген және ол «этика комиссары» деп аталады, ал Венгрияда - «адал кеңесші» деп аталады. Сонымен,  «этика бойынша кеңесшінің» негізгі міндеттері  -  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаудың алдын алу, мемлекеттік органның қызмкеткерлерін сыбайлас жемқорлық және қызметтік этика мәселелері бойынша консультация беру, мемлекеттік органның басшылығын қызметшіде мүдделер бойынша жанжалдың  болуы мүмкін екендігі туралы ескерту болып табылады. Сондай-ақ сөз сөйлеуші «этика бойынша кеңесші»  институтын енгізуді қарастыратын эпилоттық жобаның Агенттік, бірқатар орталық және жергілікті атқарушы органдардың жүйесінде белгіленген лауазымды тұлғаның қызметінің нақтырақ механизмдерін анықтауға мүмкіндік беретініне назар аударды.

 Сондай-ақ, Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Бауыржан Бекешев мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы баяндамасында Қазақстан Республикасы Президентінің  бизнеске тексеру жүргізуге мораторий енгізу туралы тапсырмасын орындау бойынша шаралар туралы хабарлады. Оның айтуынша,  жақында Министрлік Қазақстан Республикасы Парламентіне «Рұқсаттар мен хабарламала

 

 

Барлық жаңалықтар