• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмолалық кәсіпкерлер салық заңнамасына «отбасылық бизнес» түсінігін енгізуді ұсынуда

Ақмолалық кәсіпкерлер салық заңнамасына «отбасылық бизнес» түсінігін енгізуді ұсынуда

14 Наурыз, 2014 16:32
Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасында патент негізіндегі арнайы салық жүйесіне арналған кеңес өтті. Онда жеке кәсіпкерлер салық заңнамасына «отбасылық бизнес» түсінігін енгізу ұсынысын қолдады.

«Мен көбіне туған-туыстарымды немесе бутик бойынша көршілерімді тауар алуға Ақмола облысынан асып кеткенде тауарыма қарай тұруларын сұраймын. Егер, Елбасының биылғы Жолдауында айтқан «отбасылық бизнес» түсінігін салық заңнамасына енгізетін болса игі болар еді», - деп есептейді жеке кәсіпкер  Валентина Корнева.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми сайтында хабарланғандай, ҚР салық заңнамасында жеке кәсіпкерлерге патентке негізделген салық салатын нысанға 2% үстемемен арнайы салық жүйесі қарастырылған. Алайда, ЖК қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүргізуі керек, сонымен қатар оның жылдық табысы ең аз жалақыдан 300 есе артық болуы және жалдамалы адамдардың қызметін пайдалануы шарт.

Алайда, аймақтың кәсіпкерлері патенттік жүйеден жеңілдетілген жүйеге көшуді қарастырмай отыр, себебі олардың айтуынша жеңілдетілген жүйе микробизнесті жүргізу үшін ыңғайсыз, оның үстіне қассалық есепті жүргізу, декларация тапсыру және жеке бухгалтер және т.б. керек.

Барлық жаңалықтар