- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылдың басынан бері Қостанай облысында 240-тан астам мүгедек жұмысқа тұрды
2014 жылдың басынан бері Қостанай облысында 240-тан астам мүгедек жұмысқа тұрды
Жыл басынан бергі алғашқы мүмкіндігі шектеулі жандардың бос жұмыс орны жәрмеңке барысында өңір кәсіпкерлерінен 40-тан астам мүгедек жұмысқа орналасу туралы ұсыныс алды. ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, шараның ұйымдастырушыларының бірі Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасы.
«Бүгін біз мылқау әріптесімізбен сөйлестік, оның аты Сергей. Мамандығы дәнекерлеуші. Оның айтуынша бұл кәсіпті ол әкесінен үйренген. Айналасындағылар Сергейдің өз ісінің шебері екенін айтады. Біздің ұжымға жақсы дәнекерлеушілер керек. Сонымен қатар біз бұл жерден өзімізге екі күзетшіні де тауып қойдық, енді жұмысқа аламыз», - дейді «Титан» ЖЭК кадр бөлімінің бастығы Елена Жихарева.
Шараға бас-аяғы 70 шақты жұмыс беруші мен 100-ден астам мүмкіндігі шектеулі жан қатысты. Кәсіпкерлер палатасы сарапшылары мен «Нұр Отан» партиясы бөлімшесі өкілдері және Жұмыспен қамту басқармасы мамандарының біріккен жұмысының арқасында үміткерлер кәсіпкерлермен бетпе-бет сөйлесіп, жұмысқа тұру жағын қарастыруға мүмкіндік алды.
«Біз кәсіпкерлер арасында белсенді қызмет етеміз. Кәсіпкерлердің қайсысында мүмкіндігі шектеулі жандарға бос жұмыс орындары бар екенін анықтаймыз. Және де мүгедектерді де жұмысқа алудң маңызын түсіндіреміз. Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа алуға тартынбайтындар бүгінде осы шараға келіп отыр», - дейді ӨКП директорының орынбасары Манарбек Қазин.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, мүгедектердің көпшілігі «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында тегін оқытудан өткізіледі.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда