- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұр Отан» мемлекеттік органдардың қызметін бағалайтын қоғамдық бақылауды күшейтті
«Нұр Отан» мемлекеттік органдардың қызметін бағалайтын қоғамдық бақылауды күшейтті
Кеңес барысында «Нұр Отан» партиясының хатшысы Эльдар Сыздықов партияның төрағасы Н.Назарбаевтың сайлау алды платформасын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды күшейтуді тапсырғанын атап өтті.
«Тұрғындар үшін аса маңызды мәселелерді шешуге арналған қоғамдық, әлеуметтік сезімтал көрсеткіштерді қабылдау керек», - деп Э. Сыздықов баса айтты.
Айта кетерлік жайт, электронды партияны енгізудің арқасында «Нұр Отан» фракциясының мүшелерінде Мәжіліс пен маслихатта билік органдарының қызметіне берген халықтың тәуелсіз бағасын алуға мүмкіндігі бар.
«Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат интитуты жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне және қоғамдық қабылдау бөлімдерінің берген мәліметтеріне сәйкес жергілікті жұртты көбіне коммуналды қызметке тарифтердің өсуі, алғашқы қажетті тауарларға бағаның өсуі, тұрғын үй мәселесі, жолдардың төмен сапасы мен жұмысқа орналасу мәселелері толғандырады», - деп Э. Сыздықов атап өтті.
Оның айтуынша, бұл жұмыстың маңызды қыры азаматтық секторды мемлекеттік органдардың қызметін тексеру бойынша қоғамдық бақылауға тарту. «Нұр Отан» партиясының сараптамалық алаңына қоғамдық мониторинг қарсаңында 50-ден астам үкіметтік емес ұйым мен бизнес және ғылыми, шығармашылық интеллигенция өкілдері қатыстады.
«Бүгінде фракция мүшелері тәуелсіз дереккөздерден объективті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, азаматтық сектор өкілдері тарапынан алынған сараптамалық бағалаудың маңызы орасан. Халықтың өзі партияның қоғамдық қабылдауы мен әлеуметтік зерттеулер арқылы біздің билікпен біріге отырып шешуіміз тиіс күн тәртібіндегі мәселелерді айқындап береді», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісіндегі партия фракциясы жетекшісінің бірінші орынбасары Сергей Дьяченко.
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары