• Басты
  • Жаңалықтар
  • С.Қайырбекова Қызылордада бірқатар медициналық мекемелердің жұмысымен танысты

С.Қайырбекова Қызылордада бірқатар медициналық мекемелердің жұмысымен танысты

14 Наурыз, 2014 15:12
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова Қызылорда облысында бірқатар медициналық мекемелердің жұмысымен танысты.

Балаларды оңалту орталығында болған кезде Салидат Қайырбекова ана мен бала денсаулығын қорғау - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап көрсетті, деп ведомствода хабарлады.

Жүйелі жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Қазақстанда соңғы 5 жылдың ішінде ана өлім 3 есеге, нәрестелер өлімі 1,5 есеге азайды.   

Қалалық №3 емханада Салидат Қайырбекова азаматтарды медициналық ұйымға тіркеу және электрондық құжат айналымын енгізу барысымен танысты. 

Министр «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасы Жолдауында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытуға басымдық берілгенін атап көрсетті. Осы орайда азаматтармен әңгіме барысында профилактикалық тексерулерден уақытылы өтудің маңыздылығына тоқталып, бұл шара аурулардың алдын алудың негізі екенін еске салды.

Биылғы жазда пайдалануға беру жоспарланып отырған перзентхана құрылысымен танысқан Салидат Қайырбекова нысанның уақытылы және сапалы салыну керектігін айтты.

 

Барлық жаңалықтар