- Басты
- Жаңалықтар
- ХКБ Бас хатшысы: ЭКСПО-2017 сәтті шара болады
ХКБ Бас хатшысы: ЭКСПО-2017 сәтті шара болады

«ЭКСПО елді барынша молынан таныстыруға мүмкіндік беретін халықаралық шара болып табалады. ЭКСПО елдің ұлттық болмысын көрсетеді. Біз үшін күшті мәдени элементінсіз ЭКСПО көрмесі жетістікке жете алмайды. Сол себепті көрмені өткізген 3 ай ішінде төл мәдениетімізді барынша молынан таныстыра алуымыз керек», - дейді В.Лоссерталес.
Оның айтуынша, көрме алаңдарында көрменің негізгі бағдарламасына енбейтін түрлі мәседи наралар ұйымдастырылады.
«Кейінірек біз ЭКСПО кезінде өткізілетін шаралардың жоспарына кірісеміз. Негізінен ЭКСПО көрмесінде көрме бағдарламасынан тыс көптеген шаралар атқарылады. Мысалға, опералық қойылым. Осы орайда біздің теңдессіз театрымыздың бар екенін де айта кету керек. Мүмкін, кей елдер өздерінің әртістерін де ала келер. Біз бұндай бастамаларды қолдаймыз», - дейді ХКБ Бас хатшысы.
Сонымен қатар, ол Қазақстанда өтетін көрмеден не күтетінін де жасырмады.
«Астанадағы ЭКСПО-ның төмен деңгейде өтетінін айтатындар Қазақстанды да, ЭКСПО-ны да өз деңгейінде тани алмағандар. Менің ойымша аталмыш шара өте сәтті өтпек», - дейді В.Лоссерталес.
Оның айтуынша, статистика бойынша, барлық ірі шаралар үлкен сынға ұшырайтыны қалыпты үрдіс.
«Біз тұрақты дамудың символына айналатын қалашық саламыз. ЭКСПО үшін ұйымдастырылатын барлық дүние қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттырады. Бұл коммуникацияның басты мәселесі. ЭКСПО үшін жасалынған барлық шара БАҚ арқылы насихатталуы керек. Бұл үлкен жауапкершілік», - дейді В.Лоссерталес.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады

