• Басты
  • Жаңалықтар
  • В.Лоссерталес: ХКБ Астанаға ірі көлемдегі инвестиция тартуға жағдай жасайды

В.Лоссерталес: ХКБ Астанаға ірі көлемдегі инвестиция тартуға жағдай жасайды

14 Наурыз, 2014 12:40
Халықаралық көрме бюросы Астанаға ірі көлемдегі инвестиция тартуға жағдай жасайды, дейді ХКБ Бас хатшысы Висенте Лоссерталес ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

«Біздің мойнымызда үлкен жауапкершілік бар, Біз ол жауапкершілікті Қазақстан Республикасымен бірлесіп көтереміз. ЭКСПО-ға құйылған барлық инвестицияның болашақта да кәдеге асыуна жауаптымыз. Бір доллар да үш айлық көрмеден кейін пайдаланусыз қалмайды», - дейді В.Лоссерталес.

Оның айтуынша, ЭКСПО-ның басты ұстанымы да осы.

«Егер біз ЭКСПО-ны тек қаржы шығыны ретінде көретін болсақ, онда ЭКСПО-ның имиджі төмендеп қалмақ. Нәтижесінде өзге елдердің де көрмені өткізуге қызығушылығы азаяды. Біз ЭКСПО-да алдыңғы қатарлы инновацияны танытып, елдің болашақ дамуына үлес қосамыз», - дейді ХКБ Бас хатшысы.

Брифинг барысында В.Лоссерталес Шанхай ЭКСПО-сынан мысал келтірді. Бұл көрме 2010 жылы өткен еді. Арнайы көрме өткізу үшін Шанхай метрополитенінде арнайы бірнеше жолақ салынды. Осы көрмені өткізу үшін шамамен 1 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылған.

Барлық жаңалықтар