ШҚО-ның Үржар ауданында жаңа балабақша ашылады

14 Наурыз, 2014 12:11
Жаңа балабақша аудан орталығында соңғы 20 жыл ішінде мектепке дейін ашылған тұңғыш мекеме.

Нысан құрылысы 140 орынға шақталған, ол барлық қуаттылықпен жүргізілуде, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.

Айта кетерлігі, құрылыс құны 3,5 млн теңгені құрайды.

Оған қоса, Үржар ауданында барлық балалар мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған, олар үшін шағын орталықтар ашылды. Мекеменің құрылысы аяқталған соң олар жаңа орынға көшіріледі.

Бүгінгі таңда ауданда 28 балабақша, 52 шағын орталық қызмет етеді. Олар 4 мың баланы мектепке дейінгі біліммен қамтып отыр. 

Барлық жаңалықтар