• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жылжымайтын мүлік объектісі мекен-жайын анықтау жөніндегі анықтаманы egov.kz порталы арқылы алуға болады

Жылжымайтын мүлік объектісі мекен-жайын анықтау жөніндегі анықтаманы egov.kz порталы арқылы алуға болады

14 Наурыз, 2014 12:02
Жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайын анықтау жөніндегі анықтаманы берудің жаңа қызметі енді egov.kz электрондық үкімет порталында қолжетімді.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлағандай, өтініш берушіге керектің барлығы - ол egov.kz-та авторланады, ал сонан соң толтырып, электрондық нысанға жөнелту қажет. Қызмет мүлде тегін көрсетіледі.

Аталған қызмет «Ақпараттық Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды.

Сұрау салуды өңдеу 15 минуттан аспайтын уақытты алады.

Берілген электрондық анықтама талап етілетін жері бойынша ұсынуға дайын. Е-анықтама Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз тасығыштағы құжатқа баламалы екендігін еске саламыз.

Барлық жаңалықтар