• Басты
  • Жаңалықтар
  • VII Астаналық экономикалық форум шеңберінде «Даму» қоры консалтинг нарығы туралы конференция өткізді

VII Астаналық экономикалық форум шеңберінде «Даму» қоры консалтинг нарығы туралы конференция өткізді

14 Наурыз, 2014 11:25
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры G-Global алаңында VII Астаналық экономикалық форум шеңберінде «Консалтинг нарығы: проблемалары, трэндтер және инновация» тақырыбында онлайн-конференция өткізді.

Конференция жұмысына Ресейдің Халық шаруашылығы академиясының Корпоративтік басқару жоғарғы мектебінің профессоры Игорь Попович, «Школа мастеров» консалтингті-тренингті компанияның басшасы  Юрий Оборин (Мәскеу), «ID group» бас директоры Гүлнар Шәкірова, «Plankion group» компаниясының президенті Қанат Нұров, Қазақстан кеңесшілер палатасының президенті Гүлсім Ахтамбердиева және басқалар қатысты.

Конференцияға қатысушылар ҚР-да «Бизнестің жол картасы -  2020» бағдарламасын және оның аясында бизнесті жүргізу бойынша жүйелік және консалтингтік қолдау көрсетуді жалғастыру керек деп шешті.

Сарапшылардың пайымынша, Қазақстанда тіркелген кеңесшілердің артуына байланысты олардың қызмет сапасын бағалайтын стандарттар мен атестациялауды енгізуді қажет. Сонымен, Қазақстанда жергілікті нарықтың ерекшеліктерін есепке ала отырып өзіндік кеңес беру мектебін енгізу қажеттілігі туындауда.

«Шетелдік тәжірибе бойынша өзінің бизнесін дамытудың барлық кезеңінен өткен кәсіпкерлерді жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлерге немесе кәсіпкерлікке қызығушылық танытып отырған халыққа кеңес беруге тарту керек», - деп кездесуге қатысушылар атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың бірінші шілдесінен бастап «G-Global» халықаралық платформасында виртуалды жоба «VII Астаналық экономикалық форум» және II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция» басталды. Жоба  аясында бір жылда зерттеулер жүргізіліп, БҰҰ арнайы  Дүниежүзілік Дағдарысқа қарсы Жоспары (ДДЖ) жасалды.

Барлық жаңалықтар