- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 3 млн-нан астам га ауыл шаруашылық алқаптары пайдаланылмай жатыр - Өңірлік даму министрлігі
Қазақстанда 3 млн-нан астам га ауыл шаруашылық алқаптары пайдаланылмай жатыр - Өңірлік даму министрлігі
«Пайдаланбай жатқан учаскелердің шамамен 3 млн. га ауыл шаруашылығы алқаптары анықталған, олардың 400 мың га егістік жер», - деді Қ.Өскенбаев.
Вице-министрдің мәліметінше, пайдаланбай жатқан учаскелердің 50%-дан көбін шамамен 1,5 млн.га алаңындағы шаруа қожалықты жүргізу үшін берілген жерлер құрады, оның ішінде: 407,3 мың га – егістік жерлері, оның 200 мың га өнімділігі төмен болып табылады.
Сонымен қатар, суарылатын жерлердің суару желісінің техникалық жай-күйі тиісті деңгейде емес екені анықталды. Олардың 60%-ын қайта жаңарту, ішінара шығынға жазу қажет, жайылымдарда суландыру құрылыстарының көздері жетіспейді, 14 мыңнан аса осындай көздер тексерілді, олардың шамамен 80%-ын қайта жаңарту, күрделі жөндеу немесе шығынға жазу қажет.
Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2012-2014 жылдарға көзделген айналымға енгізілген ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеу басталған болатын.
Тексерілетін учаскелердің үлкен көлемін ескере отырып, көрсетілген түгендеуді жүргізу үш жылға бөлінген болатын және өткен жылы ол 31 млн. га аса алаңда жүргізілді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар