• Басты
  • Жаңалықтар
  • Орта Азияның қылмыстық-атқару заңнамасы реформасын ҚР Парламентариясы мен халықаралық сарапшылар талқылайды

Орта Азияның қылмыстық-атқару заңнамасы реформасын ҚР Парламентариясы мен халықаралық сарапшылар талқылайды

14 Наурыз, 2014 10:35
Астанада өтіп жатқан «Орта Азияда жаңа қылмыстық-атқару заңнамасын құру: үрдісі мен қатері» конференция жұмысына ҚР Парламентариясы депутаты мен сарапшылар қатысуда.

«1997 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған еліміздегі қолданыстағы Қылмыстық-атқару кодексі соңғы 16 жылда айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. 200-ден астам өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазіргі таңда жазалаушы мекемелер мен органдар қызметінің тәжірибесі концепуцалды қайта құруды талап етеді және қылмыстық жазалауды орындау процесін құқықтық реттеуге байланысты бірқатар күрделі мәселелерді қамтиды», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнамалық және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев.

Конференция барысында абақты реформасы мен жазасын өтеушілердің құқық мәселелері де қарастырылды.

Шараға ҚР Парламенті депутаттары мен халықаралық сарапшылар – «Халықаралық абақты реформасы» ұйымының атқарушы директоры Ханна Элисон, Ұлыбритания Парламенті Лордтар палатасының мүшесі, өлім жазасын алып тастау бойынша партияаралық топ төрағасы Баронесса Вивьен Стерн қатысады.

Конференцияға қатысушылар заманауи үрдістер мен әлемдік тәжірибе негізінде ҚР мен Орта Азияның қылмыстық-атқарушы заңнамасы реформасын талқылайды.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақстандық түзету мекемелеріндегі өзара қатынасты жаңаша құратын кодекс ретінде аса жоғары маңызға ие Қылмыстық-атқару кодексінің жаңа редакциясын кеңінен талқылайтын ірі бастама.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан-2050» Стратегиясында Мемлекет басшысы қылмыстық сот өндірісін жаңғырту туралы тапсырма берген болатын.

Барлық жаңалықтар