• Басты
  • Жаңалықтар
  • G-Global алаңында БЭК, ТМД және Еуропа елдері арасында мұнай өнімдері нарығындағы жағдай туралы конференция өтті

G-Global алаңында БЭК, ТМД және Еуропа елдері арасында мұнай өнімдері нарығындағы жағдай туралы конференция өтті

14 Наурыз, 2014 10:20
«БЭК, ТМД және Еуропа елдері арасында мұнай өнімдері нарығындағы жағдай (оның ішінде өткізу көлемдері, бағалары және басқа) туралы ақпарат алмасу үшін бірыңғай платформа құру»тақырыбына онлайн-конференция G-Global коммуникативтік алаңында өткізілді.

Конференцияға «Қазақстан жанармай қауымдастығы 1» қауымдастығы нысанында заңды және жеке кәсіпкерлер бірлестігі, «Мұнай және газ, ақпараттық -талдау орталығы» АҚ, «ҚазМұнайГаз — қайта өңдеу және маркетинг» АҚ, «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ өкілдері қатысты.

Бәсекелестікті қорғау агенттігінде хабарлағандай, кездесу барысында Қазақстанда база құру және оны БЭК, ТМД және Еуропа елдерінің деректер базасымен одан әрі интеграциялау мүмкіндігі талқыланды, бұл сөз байласу болған жағдайда неғұрлым жедел монополияға қарсы ден қоюға жәрдемдесуі тиіс.

Мұндай деректер базасын құру, Агенттіктің пікірі бойынша, монополияға қарсы органның сұрау салуларына ақпарат беру бөлігінде нарық субъектілерінің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ тұтынушылар үшін мұнай өнімдеріне бағалар туралы ақпарат беру бөлігінде қолайлы болады.

 

Барлық жаңалықтар