• Басты
  • Денсаулық сақтау министрі Қызылорда облысындағы медициналық мекемелердің жұмысымен танысады

Денсаулық сақтау министрі Қызылорда облысындағы медициналық мекемелердің жұмысымен танысады

14 Наурыз, 2014 09:00
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды.

Салидат Қайырбекова  Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапарында Жаңақорған аудандық орталық аурхана мен емхана жұмысымен танысты. Медициналық қызметкерлермен және науқастармен әңгімелесу барысында министр Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің дамуына баса назар аударылғанын айтты.

Осы орайда еліміздің бас дәрігері ауыл тұрғындары үшін медициналық қызмет сапасы мен қолжетімділігін арттырудың қажеттілігін айта келіп, осы бағыттағы қабылданып жатқан шаралармен таныстырды.

«Ауылдың әрбір тұрғыны медициналық қызметтердің сапасының артуы арқылы мемлекеттік бағдарламалардың іске асыру нәтижесін айқын сезінуі керек», - деді министр.

Сонымен қатар, ведомство басшысы ауыл мамандарын әртараптандыру мәселелеріне баса назар аударды. Қазіргі таңда республика деңгейінде аталмыш мәселе шешімін тауып келеді. Министрлік тұрақты түрде тізімге сай мамандарды тиісті жерлерге үлестіруде мониторинг жүргізіледі. Сонымен қатар, әлеуметтік қолдау шаралары да қолға алынады. Аталмыш мәселені шешу үшін жергілікті жерлерде тиісті жағдайды жасау керек. Атап айтар болсақ министрлік тарапынан ауылға жіберілген жас дәрігерлерге тұрғын үй, жеңілдетілген несие мен өзге де көмек көрсетіледі. Бұл мәселелер заңнамамен де қарастырылған.

Жұмыс сапары барысында министр Қызылорда қаласындағы өзге де бірқатар медициналық мекемелердің жұмысымен танысып, облыс әкімі қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өтетін «Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасымен 2013 жылғы жұмыс нәтижесі мен 2014 жылға жоспарлары» атты денсаулық сақтау мәселесі бойынша кеңейтілген жиынға қатысады.

Барлық жаңалықтар