- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да жоғарғы оқу орындарындағы мүмкіндігі шектеулі түлектердің 80% жұмысқа орналастырылды - БҒМ
ҚР-да жоғарғы оқу орындарындағы мүмкіндігі шектеулі түлектердің 80% жұмысқа орналастырылды - БҒМ
«2012 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін квоталардың үлесі жалпы мемлекеттік тапсырыстың 0,5% құраса, кейіннен 1%-ға дейін ұлғайтылды. Қазіргі таңда мемлекеттік оқу орындарының статистикалық мәліметтері бойынша оларда 800 астам кембағал жандар білім алуда, ал олардың 468 мемлекеттік тапсырыс аясында оқып жатыр», - деді Ф.Жақыпова.
Жалпы, салалық ведомстводан хабарлағандай ТжКБ жүйесінде 178 колледж мүмкіндігі шектеулі жандардан мамандарды даярлауда. Оқу орындарының мәліметі бойынша қазіргі таңда түлектердің 80% жұмысқа орналастырылған.
Сонымен қатар, Ф.Жақыпова атап өткендей, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін оқу орындарында кедергісіз орта қалыптастыру бойынша жұмыстарда жүргізілуде.
«Қазіргі таңда екі оқу орнында кедергісіз орта қалыптастырылған. Бүгінде біз үш оқу орнымен жұмыс істеп жатырмыз, олар алдағы уақытта дәл осындай кедергісіз орта қалыптастыратын болады. Бұдан кейінде біз жөндеу жұмыстарын жүргізу, оқу орындарының жаңа оқу корпустарының құрылысын жүргізу барысында осы шарттардың орындалғанын қадағалап, қарастыратын боламыз», - деді ол.
Сонымен қатар, оқу орына түсу типтік тәртібінде мүгедек жандардың оқуға түсуі бойынша шаралар ескерілетін болады.
Ведомсвоның мәліметі бойынша, жалпы республика бойынша туылған сәттен және 18 жасқа дейін 138 513мүмкіндігі шектеулі бала бар, бұл дегеніңіз жалпы еліміздегі балалар санының 2,8% .
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды