- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР БҒМ 2014 жылы инклюзивті білім беру тұжырымдамасын дайындайды – А.Сәрінжіпов
ҚР БҒМ 2014 жылы инклюзивті білім беру тұжырымдамасын дайындайды – А.Сәрінжіпов
«Мәселе өте маңызды, биыл инклюзивті білім беру тұжырымдамасын дайындауды күн тәртібіне қойып отырмыз. Осы мақсатта талқыланатын екі бағыт айқындалды. Біріншісі: білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы арқылы инклюзивті білім беруді енгізу мен дамыту қолға алынса, екіншіден, тұжырымдаманы іске асыруға бағытталатын шаралардың нақты жоспары қабылданбақ», - дейді еліміздің бас ұстазы.
Ведомствоның мәліметінше, жалпы, республика бойынша он сегіз жасқа дейінгі 138 513 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Бұл барлық балалардың 2,8%-ын құрайды.
Сонымен қатар, арнайы мамандандырылған оқыту бағдарламасы бойынша 62130 оқушы білім алуда, ал арнайы мектепке дейінгі бағдарламада2 7406 бүлдіршін қамтылған.
Мемлекеттік бағдарлама аясында үйден білім алатын 6335 мүмкіндігі шектеулі бала республикалық бюджет есебінен компьютер мен өзге де техникамен қамтамасыз етілген.
Қазіргі таңда Қазақстанда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балаларға түзету-педагогикалық қызмет көрсететін 17 бейімдеу орталығы, 133 психолого-педагогикалық кабинеті, 558 логопедтік пункт жұмыс істейді.
Министрліктің мәліметінше, бүгінде еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалардың саны өте төмен деңгейде. Атап айтар болсақ бұл көрсеткіш 2,8% құрайды. Ал әлемдік деңгейде бұл көрсеткіштің 7-10% аралығында екені белгілі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде