- Басты
- Жаңалықтар
- Халықаралық қатынастарды нығайту тұрақтылық пен бірлікке әкеледі - Ш.Құрбанов
Халықаралық қатынастарды нығайту тұрақтылық пен бірлікке әкеледі - Ш.Құрбанов
«ҚР Президенті Н.Назарбаев әр халыққа Жолдауында нақты тапсырмалар мен міндеттер қояды. Барлық этностардың құқығы мен теңдігіне ерекше нарзар аударылады, бұл ертеңгі күнге деген сеніміңді арттырады», - деді Шыңғыс Құрбанов.
Жаңа Жолдауда «Мәңгілік Ел» патриоттық құжатын жасау және қабылдау туралы айтылған, ол Қазақстан қоғамының басты құндылықтарын негіздеуге арналған. Ш. Құрбановтың айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының ҚХА ұлттық идеяны жүзеге асыруға атсалысатын болады.
«Бұл үшін бізде іргетас қаланған. Әзірбайжандар қолжеткізген жоғары мәдени жетістіктер тек қазақ халқының менталитетінің кеңпейілдігінің, бейбітшілікті сүйгіштігінің арқасында және Елбасының елімізді мекен еткен барлық ұлттардың бірлігіне бағытталған сарабдал саясатының арқасында келген дүние. Біздің орталықтың жұмысы әзірбайжан ұлтының мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттаумен және ұлтаралық бірлікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға арналған. Ұлттық жаңару мектебінде әзірбайжан бөлімі жұмыс істейді. Әзірбайжан мәдени орталығы облыстың өзге де этностық мәдени орталықтарымен бірлесіп түрлі іс-шаралар өткізеді. Бұл өз кезегінде олардың арасындағы байланыстың нығайып жаңа деңгейде дамуына септігін тигізуде. Ал, Елбасының Жолдауда атап көрсеткен міндеттерінің бірін жүзеге асыруда біз жастарға ұлттық патриотизм тұрғысында тәрбие беруді жалғастырамыз», - деп Ш.Құрбанов атап өтті.
Қоғамдық қызметкер атап өткендей, елімізде халықаралық қатынастарды нығайту бұзылмас тұрақтылық пен бірлікке әкеледі.
«Бастысы бізде бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ бар. Бұл сөздер жаңа Жолдаудың атауына жайдан-жай енген жоқ!», - деп Ш. Құрбанов баса айтты.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді