- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы тапсырылуы тиіс барлық денсаулық сақтау нысандары өткізіледі - ДСМ
2014 жылы тапсырылуы тиіс барлық денсаулық сақтау нысандары өткізіледі - ДСМ
Жиында «100 мектеп пен 100 аурухана» мен «350 дәрігерлік амбулатрия, фельдшерлік-акушерлік пункт пен емхана» құрылысы жобасын іске асыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Болат Токежановтың айтуынша, «100 мектеп пен 100 аурухана» құрылысы жобасы бойынша 71 нысанның құрылысы аяқталды. 28 нысанды 2016 жылдың соңына дейін іске асыру жоспарланған. Соның ішінде 22-сі республикалық бюджет есебінен салынса, 6-ауы мемлекеттік-жеке меншік әріптесітік арқылы салынбақ.
«350 дәрігерлік амбулатрия, фельдшерлік-акушерлік пункт пен емхана» құрылысы жобасы бойынша 103 нысанның құрылысы аяқталды. 242 нысан 2016 жылдың соңына дейін қолданысқа берілмек. Соның ішінде 99-ы республикалық бюджет есебінен болса, 126-сы жергілікті бюджет есебінен, ал 17-сі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында салынады.
Құжаттардың сараптамалық сапасына байланысты жүйелі мәселелер мен нысан құрылысының мерзімге сай жүргізілмеуі, сонымен қатар әкімдіктердің құрылысты қабылдап алғанда тексеріс жұмыстарын дұрыс жүргізбеуі жөніндегі мәселелер Құрылыс істері мен ТКШ комитеті төрағасы ШҚО, СҚО Қызылорда мен Атырау облыстары әкімдіктері мен ҚР өңірлік даму министрлігінің басшылығы назарына ұсынылды.
Ұлттық координациялық кеңес облыс пен Астана және Алматы қалалары әкімдіктеріне 2014 жылы пайдалануға берілуге жоспарланған денсаулық сақтау нысандарын сапалы және өз мерзімінде салу бойынша шараларды қабылдауды тапсырды.
Ал Денсаулық сақтау министрлігіне өңірлердің республикалық бюджетті мақсатсыз немесе орынсыз пайдаланылған жағдайында бөлінетін қараждатты қысқартуға немесе өзге де бағыттарға қолдануға тапсырды.
ҚР Өңірлік даму министрлігіне сапалы сараптама жүргізу шарасын қабылдау тапсырылды.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті