- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да тасымалдаушыларға автобус паркін жаңарту үшін жағдай жасалады
ҚР-да тасымалдаушыларға автобус паркін жаңарту үшін жағдай жасалады
Көлік және коммуникация министрлігінде хабарлағандай, атап айтқанда, қаулымен тасымалдаушының келісім-шарт жасағаннан кейін автобустарды белгіленген шәкілге сәйкес екі жыл ішінде кезең-кезеңмен жаңарту жөніндегі міндеттері қарастырылған. Осы талаптарды ұстанған жағдайда бағдар бойынша өткен қызмет көрсету келісім-шарты конкурс өткізілмей 10 жылға ұзартылады.
ҚР ККМ Автомобиль көлігі департаментінің директоры Ерлан Жұмашев «Бұрын бағдарға қызмет көрсету құқығын конкурстық негізде алған тасымалдаушымен әкімдіктер 3-5 жылға келісім-шартқа отыратын. Оның бірнеше кемшіліктері болған: тасымалдаушылар өнеркәсіптің келешектегі ұзақ мерзімді дамуын жоспарлай алмайтын және жаңа автобустарды сатып алуға несие алуға мүмкіншіліктері болмайтын. Жаңа ереже оларға бағдарда ұзақ уақыт жұмыс жасауға кепілдік береді» деп атап өтті.
Сонымен бірге, ол жаңа ережелер автокөлік құралымен жолаушыларды тасымалдағанда сапа және қауіпсіздік дәрежесін арттыруға мультипликативтік әсер ететіндігіне назар аударды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан