- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда ГБС-ын детандер-генераторлы агрегатымен жабдықтау жобасының тұсаукесер рәсімі болып өтті
Алматыда ГБС-ын детандер-генераторлы агрегатымен жабдықтау жобасының тұсаукесер рәсімі болып өтті
Қала әкімі Ахметжан Есімов мегаполистің электрэнергияны жылдық тұтыну көлемі 1,6 млн. МВт/сағатқа жуық екендігін айтты, деп қаланың ресми порталы хабарлады.
«Алматыда электрмен жабдықтау «АлЭС» АҚ- ның жеке генераторларымен жүзеге асады, жыл ішінде 932 МВт өндіріледі, Жамбыл ГРЭС-і 200 МВт, Мойнақ ГЭС-і 246 МВт, Екібастұз ГРЭС 1, 2 – 232 МВт, кіші ГЭС-тер 3,03 МВт. Қалаға электр қуаты көп мөлшерде қажет болғанда Қырғызстаннан 64 МВт көлемінде келеді», - деді Ахметжан Есімов.
Қала әкімі электрэнергиясының тарифі қалада белгіленген 1 кВт-ға 8,8 теңгеден артпауы тиіс деді.
Аталған жобаны жасаушылар оның газ бөлетін станцияларды детандер-генераторлы агрегаттармен қамтамасыз етіп, табиғи газдың қысымын төмендету арқылы электроэнергиясын өндіруге болатындығын айтты.
Жоба бойынша мұндай агрегатпен Алматыда «Орбита» ГБС жабдықталатын болады. Жобаның құны - 549 млн. теңге, құрылыс мерзімі – 1 жыл 3 ай.
Кездесу барысында Алматы әкімдігі мен «Самрұқ-Қазына Инвесттің» алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеу мәселесі де сөз болды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы