• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Бас прокуратурасы мен Монако Князьдігі Әділет департаменті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР Бас прокуратурасы мен Монако Князьдігі Әділет департаменті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

13 Наурыз, 2014 18:00
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Бас прокурор Асхат Дауылбаев Монако Князьдігінің Әділет министрі (Заң қызметінің директоры), Мемлекеттік Кеңес Төрағасы, Жоғарғы Сот Төрағасы Филипп Нарминомен кездесті.

Кездесу барысында ведомствоаралық өзекті мәселелер жөнінде, атап айтқанда, қылмыстылыққа қарсы күрес саласы, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны кеңейту жайында сындарлы әңгіме мен пікір алмасу болды. Құқықтық салада мемлекетаралық шарттарды жасасу мәселелерін талқылау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді, деп Бас прокуратурада хабарлады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Монако Князьдігі Әділет департаменті арасында

Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум Қазақстан Президентінің 2012 жылы Монако Князі                 ІІ Альбермен кездесуі барысында қабылданған Бірлескен декларацияны іске асыру мақсатында жасалды. Бірлескен декларацияның шеңберінде халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту бойынша бірлесіп жұмыс істеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.

А.Дауылбаев Меморандумға қол қоюдың қазақстандық құқықтық жүйеге сенімнің артуын дәлелдейтін маңызды қадам екендігін атап көрсетті.

Тараптар атап өткендей, аталмыш оқиға Қазақстан мен Монако уәкілетті органдарының ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен тереңдетуге мүдделілігін, сондай-ақ қазақстандық құқық қорғау органдарының трансұлттық қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа интеграциялануын растап отыр.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар