- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да МОЖЖ аясындағы салымшылар саны 1000-ға жетті
ҚР-да МОЖЖ аясындағы салымшылар саны 1000-ға жетті
Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ-ның хабарлауынша, мыңыншы салымшы МОЖЖ қатысушы банкі болып табылатын БТА банкінің Алматыдағы бөлімшесінен оқыту депозитін ашқан.
«Оқыту» деп аталатын жаңа депозиттің қазіргі таңда Қазақстан бойынша теңдесі жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік оқыту жинақ жүйесі туралы заң біздің елімізде өткен жылдың ортасында қабылданған еді. Жаңа жинақ жүйесінің жұмысы өте қарапайым: кез келген адам бағдарламаға қатысатын банкте депозит ашып, болашақта білім беру ордаларында оқу үшін қаражат жинай алады. Салым бойынша тең банктің үстемақы ғана қосылмай, сонымен қатар депозитті салғаннан кейінгі бір жылда мемлекет тарапынан салынған қаржының 7 пайызын құрайтын мемлекеттік сыйақы тағайындалады. Басты шарт – салым тек оқыту мақсатында жұмсалуы керек.
Қазіргі таңда депозиттік жаңа түрін қазақстандық үш банктен ашуға болады. Олар қазірдің өзінде мемлекеттік оқыту жинақ жүйесінің бағдарламасына қатысады. Атап айтар болсақ олар: БТА банкі, Темір банк пен Халық банк. Салымды толтыру үшін банк бөлімшелеріне бару мүлде міндет емес. Ақшаны өзін өзі қызмет көрсету терминалдары, ғаламтор банкі немесе төлем картасы мен ағымдағы шот арқылы салуға болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Елордада КВИ жұқтырғандар саны 2,4 есе артқан -
Эпиджағдай: КВИ жұқтырғандар саны 1,4 есе артқан -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты