- Басты
- Жаңалықтар
- ЕХӘҚМ «Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырды
ЕХӘҚМ «Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырды
«Атап айтар болсақ, 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасында биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақысы бекітілетін тұлғалардікін аттыруды ескере отырып базалық зейнетақы төлемін 14%-ға дейін, еңбек зейнетақысын 12%көтеру қарастырылған», - дейді ведомство басшысы Тамара Дүйсенова заңнамалық өзгерістер туралы.
Оның айтуынша, аталмыш шаралар базалық зейнетақы төлемін 10 450 теңге немесе 12%-ға, ал еңбек зейнетақысының орташа көлемін 46 661 теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік бермек.
«Сонымен қатар, «Зейнетақымен қамту туралы» ҚР Заңына 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап 39-41АЕК деңгейінде зейнетақы есебі үшін қолданылатын табыс көлемін арттыру түріндегі өзгеріс енгізілмек. Бұл өз кезегінде 1 сәуірден бастап зейнетке шығатын адамдар мен бұрыннан зейнетте отырған азаматтардың зейнетақы көлемін теңестіреді», - дейді министр.
Жалпы, қазіргі таңда еліміздегі зейнеткерлер саны 1,9 млн адамды құрайды. Ал олардың зейнетақысын көтеру үшін қосымша қажеттілік 40,6 млрд теңге.
Заң жобасы «Неке және отбасы туралы» ҚР Кодексіне және әлеуметтік қамсыздандыру мен зейнетақылық және әлеуметтік төлемдердің көлемін арттыруға бағытталған азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселесі бойынша 6 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері