- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада қарусыздану бойынша халықаралық конференция өтуде
Астанада қарусыздану бойынша халықаралық конференция өтуде
ҚР Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, аталған шараны Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасымен (UNODA) және 1540 БҰҰ ҚК Комитетімен (Комитет 1540) бірлесе ұйымдастырды.
Семинар БҰҰ ҚК тұрақты мүшелерінің өкілдерімен, азиалық мемлекеттермен (барлығы 30 мемлекеттен аса) қоса «Орталық Азия +» форматында өткізілуде. Мемлекет өкілдерінен басқа шараға бірқатар халықаралық және өңірлік ұйымдардың (ЕҚЫҰ, ТМД, ЕО, МАГАТЭ, ОЗХО және т.б.) өкілдері де қатысуда.
1540 Резолюциясының онжылдық мерейтойы мен Гаагадағы Ядролық қауіпсіздік саммиті қарсаңында өтіп жатқан семинар барлық мүдделі тараптарға халықаралық деңгейде 1540 Резолюциясын іске асыру бойынша тәжірибелерімен бөлісуге, оның өңірлік және жаһандық қарусыздану мен таратпауға қосқан үлесіне баға беруге, сондай-ақ таратпау мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсыныстар енгізуге жақсы мүмкіндік ұсынып отыр.
1540 Резолюциясын 2004 жылы 28 сәуірде БҰҰ Жарғысының 6 тармағына сәйкес БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қабылдады. Аталған Резолюцияға сәйкес барлық елдер ядролық, химиялық және биологиялық қаруды жасап шығаруға, сатып алуға, тасымалдауға, беруге немесе қолдануға талпынған мемлекеттік емес субъектілерге қолдау көрсетудің кез келген формасынан бас тартуға, сондай-ақ өзінің ұлттық тәртібіне сәйкес тиісті заңдарды қабылдап, оларды тиімді қолдануға міндетті.
1540 Резолюциясын қабылдаумен бірге БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне елдердің Резолюцияның талаптарын орындағаны туралы хабар беріп отыратын арнайы 1540 БҰҰ ҚК Комитеті құрылды.
Қазақстан таратпау саласындағы саясатты жүргізуде және 1540 Резолюциясының қағидаларын тиімді іске асыру бойынша шаралар қолдануда. 2011 жылы Қазақстан ынтымақтастықты нығайту және 1540 Резолюциясын өңірлік деңгейде орындау мақсатында осындай семинар өткізді.
Қазақстан - 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесіне кандидат және сайланған жағдайда аталған БҰҰ маңызды органының шеңберінде таратпау және ядролық қауіпсіздік мәселесін жылжытпақ.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды