- Басты
- Жаңалықтар
- Премьер-Министр ХКБ басшысымен кездесу өткізді
Премьер-Министр ХКБ басшысымен кездесу өткізді
Тараптар Қазақстан мен ХКБ-ның Астанада ЭКСПО-2017 өткізуге дайындық шеңберінде өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.
Премьер-Министр көрменің алғашқы нысандары құрылысының басталу мерзімі туралы хабарлады.
«Біз Мемлекет басшысына көрменің сәулеттік жобасы Тұжырымдамасын ұсындық. Мамырда ЭКСПО-ның алғашқы нысандарының құрылысы басталады»,-деді С.Ахметов. Премьер-Министр көрмені өткізуді ұйымдастыру үшін барлық шарттардың, оның ішінде құқықтық жағдайлардың жасалғанын атап көрсетті.
«Өткен жылдың аяғында көрменің инфрақұрылымдары мен нысандарын уақытында салу үшін қажетті құқықтық база жасайтын, сондай-ақ ЭКСПО-2017-ні өткізуге қатысты процедуралық және ұйымдастырушылық мәселелерді шешетін заң қабылданды. Бір сөзбен айтқанда шешілмейтін мәселе жоқ»,-деп атап өтті Премьер-Министр.
Өз кезегінде ХКБ басшысы Қазақстанның осы жылғы маусымда көрменің ресми туын алу үшін барлық мүмкіндіктерінің барлығына сенім білдірді.
«Қазақстанның қолына ресми ту маусым айында түседі, содан кейін ЭКСПО-2017-ге қатысушы-елдерді шақыру бойынша бағдарламалар жүзеге асырыла бастайтынына сенімдімін»,-деп сөзін түйіндеді В.Лоссерталес.
ХКБ Бас хатшысы Қазақстанға жұмыс сапармен келді. Сапар барысында ол ЭКСПО-2017-ге дайындық жайымен танысатын болады.
-
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті -
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді -
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті -
Сайлауалды үгіт-насихат: Өңірлердегі кездесулер жалғасуда -
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: Жұмысшылармен, кітапханашылармен, саудагерлермен кездесу -
Үгіт насихат жұмыстары: Партиялардың сайлауалды штабтары кездесуді жалғастыруда -
Үгіт-насихат жұмыстары: Өңірлердегі кездесулер, алғаш дауыс берушілермен жүздесу -
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: өңірлердегі тұрғындармен кездесулер өтті -
Президент Шорнақ пен Сәтбаевтағы жағдайға байланысты кеңес өткізді -
Назарбаев Университеті түлектерге диплом тапсырудың виртуалды рәсімін өткізді -
Аскар Мамин экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді -
Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді -
Мамин экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді