- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 3 жыл ішінде 9 млн шаршы метр тұрғын үй салынады – И. Тасмағамбетов
Астанада 3 жыл ішінде 9 млн шаршы метр тұрғын үй салынады – И. Тасмағамбетов
Астана қаласының ресми сайты хабарлағандай, кездесу барысында Астана қаласының әкімі «Қауіпсіз қала» бағдарламасына тоқталып, елордадағы қонақ үйлер мен тұрғын үй құрылысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«ЭКСПО қалашығының құрылысына байланысты бүгінде жалпы көлемі 9 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салуға рұқсат берілді. Жалпы алғанда, қазіргі кезде қаланың тұрғын үй қоры 16 миллион шаршы метрді құрайды. Осы 9 миллион шаршы метр алдағы үш жылда салынады, яғни 2017 жылға қарай қаланың келбеті айтарлықтай өзгереді», - деді ол.
Энергия үнемдеу саласында елорда әкімдігімен энергия көздерін және инженерлік инфрақұрылымды кеңейту және салу, энергия үнемдеу технологияларын енгізу және зиянды заттардың шығарылуын төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
« Осы бағыттардың біріншісі бойынша ЖЭО-2 кеңейту және ЖЭО-3 салу, 4-ші және-5-ші жылу магистральдарын пайдалануға беру, 220 кВ сақинасын жасау және 110/20 кВ 4-ші шағын станциясының құрылысын аяқтау жобалары іске асырылып жатыр. Бұл «ЭКСПО-2017» нысандарын және қаланың қарқынды дамып жатқан аудандарын жылу және электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді әкім.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы