• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК министрі Н.Алдабергенов БЭК аумағындағы антимонополиялық реттеулер туралы айтты

ЕЭК министрі Н.Алдабергенов БЭК аумағындағы антимонополиялық реттеулер туралы айтты

13 Наурыз, 2014 10:15
ЕЭК-ның бәсекелестік және антимонополиялық реттеу министрі Нұрлан Алдабергенов Ресейдің Федералды монополия қарсы қызметтің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты.

Еуразиялық экономикалық комиссиясының ресми сайтының хабарлауынша, Ресейдің Федералды монополияға қарсы қызметінің кеңейтілген отырысына Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен бәсекелестігі мәселесі бойынша үкіметтік комиссияның төрағасының орынбасары Сергей Борисов, РФ Бас прокурорының бірінші орынбасары Александр Буксман, РФ Президенті жанындағы кәсіпкерлер құқы бойынша құзіретті Борис Титов пен өзгелер де қатысты.

Нұрлан Алдабергенов «Бірыңғай экономикалық кеңістік аумағындағы антимонополиялық реттеу» баяндамасын оқыды. БЭК сауда нарығындағы бәсекелестіктің біріңғай құқын сақтауды бақылау мәселесі жайлы ойын ортаға салып, шараға қатысушыларға кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік қатысуды бақылау мен саудаға монополияға қарсы талаптарға арналған моделді заң нормаларына баса назар аудара отырып, Белорусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы президенттерінің қабылдаған «Бәсекелестік туралы» моделді заңы туралы айтты.

Сонымен қатар, келесі мәселелерге де тоқтала кетті: БЭК пен КО мүше мемлекеттердің монополияға қарсы органдарымен ЕЭК-ның өзара әрекеті; темір жол, әуе тасымалы мен ұялы байланыс нарығындағы антимонополиялық реттеу мәселесі бойынша Комиссияның қазіргі қызметі. Нұрлан Алдабергенов бұдан бөлек жиынға қатысушыларға қабылдануы заңнаманы жетілдіру мен біріңғай тауар нарығын құруға мүмкіндік беретін Еуразиялық экономикалық кеңес туралы келісім жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабар берді.

Барлық жаңалықтар