• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да жұмыс берушілер зейнеткерлік жас алдындағы жұмыскерлермен еңбек шартын бұзу мүмкіндігінен айрылады

ҚР-да жұмыс берушілер зейнеткерлік жас алдындағы жұмыскерлермен еңбек шартын бұзу мүмкіндігінен айрылады

8 Сәуір, 2013 00:00
Қазақстанда жұмыс берушілер зейнеткерлік жас алдындағы жұмыскерлермен еңбек шартын бұзу мүмкіндігінен айрылады, деп хабарлады бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.

«Біз қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізудеміз... Осылайша, жұмыс берушілер біржақты түрде зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалармен, ерлермен де, әйелдермен де еңбек шартын бұзуға құқылы емес», - деді Т.Дүйсенова.
Сонымен қатар, ол Еңбек кодексіне еңбек жалдау туралы хабарландыруларға кемсітушілік сипаттағы шектеулерді жою талаптары енгізілетінін айтты. 
Оған қоса, жұмыс берушілер жұмысшыны қызметке қабылдау кезінде кемсітушілік сипаттағы талаптар қоюға құқылы емес. 

Айта кету керек, жұмыс берушілер аталған нормативтерді сақтамайтын болса, оларға айыппұл санкциясы салынады. 
 

Барлық жаңалықтар