- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ЭКСПО өткізу ауданында 4 жаңа көшенің құрылысы жоспарлануда – қала әкімі
Астанада ЭКСПО өткізу ауданында 4 жаңа көшенің құрылысы жоспарлануда – қала әкімі
«Қаланы жайлы көлік логистикасымен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше бағыттағы кешенді жоспар әзірленді. Нақтырақ айтқанда, ЭКСПО өтетін ауданда жалпы ұзындығы 19 шақырымдық 4 көше салынбақ, соның ішінде Қабанбай батыр даңғылының әуежайдан Қорғалжын тас жолына дейінгі бөлігі қайта салынады, сондай-ақ, 2017 жылға қарай ұзындығы 17 шақырымдық Шағын айналым жолының және орталықтағы қозғалысты жеңілдететін 32 шақырымдық магистраль көшелердің құрылысы аяқталады», - деді И. Тасмағамбетов.
Бұдан басқа, жаңа бағыттық желіні модельдеуді ескере отырып, қоғамдық көліктің жұмысын ұйымдастыруды қайта қарастыру көзделген. Осы мақсатта BRT бірінші кезегі жүзеге асырылады және 2017 жылға дейін газбен жүретін 850 автобус кезең-кезеңмен сатып алынады.
«БРТ бірінші кезегінің құрылысына бәрі дайын. Жоба 100% қаржыландырылды және мамыр айының соңында маусым айының басында құрылыс жұмыстары белсенді жүргізіледі, экологиялық бағдарламамен байланысты екінші жоба - жолаушылар тасымалы бойынша көлік құрамын Францияда шығарылатын «ВЕКО» компаниясының газбен жүретін жаңа автобустарына ауыстыру болып табылады. Жалпы, қалаға 1500 автобус керек. Қазіргі уақытта 350 автобустық келісім-шартқа қол қойылды, маусым айында автобустар жеткізіле бастайды, келісім-шарттар жасасу жалғасады. Әрине, 2017 жылға қарай автобус паркі газбен жүретін автобустармен жаңартылады»,- деді әкім.
Айта кетейік,2014 жылдың 12 наурызында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанға кезекті сапары аясында Халықаралық көрмелер бюросының Бас Хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталеспен кездескен болатын.
Тараптар ЭКСПО – 2017 көрмесіне дайындық туралы әңгімелесті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады