- Басты
- Жаңалықтар
- Қорғаныс министрлігінің АНТ 2014 жылғы Жолдауды Алматы облысының гарнизондарында насихаттауда
Қорғаныс министрлігінің АНТ 2014 жылғы Жолдауды Алматы облысының гарнизондарында насихаттауда
Топ жетекшісі - Бас штаб бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов бастаған ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері әскери бөлімдерде болып, тұрғын үй және әлеуметтік-тұрмыс жағдайымен танысты, деп ведомствода хабарлады.
Жеке құрам заманауи қару жарақ және әскери техникамен жарақтанған және ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының кез келген тапсырмасын орындауға әзір. Әскери ұшқыштар еліміздің әуе кеңістігін қорғауда жауынгерлік кезекшілікті лайықты атқарып келеді.
Талдықорған гарнизонында Аэроұтқыр әскерлерінің десантшылар бөлімі мен авиациялық әскери бөлім шоғырланған. Жауынгерлік даярлықтағы жетістіктерімен ерекшеленген десантшылар бөлімінің жеке құрамы ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерінің құрамына кіреді. Бригаданың жеке құрамы толықтай келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақталған.
Жұмыс барысында Қорғаныс министрлігінің өкілдері Талдықорған гарнизонындағы әскери бөлімдер мен мекемелердің командирлерімен, олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларымен кездесті. Сондай-ақ, ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері қаладағы әскери-техникалық мектепте болып, курсанттарға Жолдаудың негізгі басымдықтарын түсіндірді.
ҚР Қорғаныс министрлігі ақпараттық-насихаттау тобының келесі жұмысы Сарыөзек, Қапшағай гарнизондарында жалғасады.
-
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары