• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕХӘҚМ бірқатар өңірлерде жұмыс берушілерге «Сенім сертификатын» ұсыну бойынша пилоттық жобаны іске қосты

ЕХӘҚМ бірқатар өңірлерде жұмыс берушілерге «Сенім сертификатын» ұсыну бойынша пилоттық жобаны іске қосты

13 Наурыз, 2014 09:45
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Атамекен» Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Кәсіподақтары федерацисымен бірігіп жұмыскерлердің еңбек құқын қорғау бойынша жұмыс берушілердің қызметін ерікті түрде декларациялауды іске асырудың қанатқақты жобасын іске қосты.

Министрліктің хабарлауынша, жоба өндірістегі қайғылы жағдайларға, жұмысшылардың мүддесін қорғау мен жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Қазіргі таңда қанатқақты жоба Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Павлодар облыстарында іске асырылуда.

«Жобаға қатысу үшін кез келген ұйым жергілікті еңбек инспекциясына бекітілген формада өтініш-декларация жібереді. Содан кейін он күннің ішінде оның ҚР Еңбек заңнамасы талаптарына сай келер-келмесі тексеріліп, жұмыс берушінің жобаға қатысуына рұқсат беру немесе бас тарту туралы шешім қабылданады», - деп хабарлайды ведомство.

Кез келген шешім жұмыс берушінің әділдік презумпциясы негізінде қабылданады. Комиссияның оң бағасын алған жағдайда кәсіпкерлік «Сенім сертификатын» алады да, жұмыскерлердің еңбек құқын қорғайтын жұмыс берушілер реестріне енгізіледі.

Сонымен қатар, «Сенім сертификатына» ие жұмыс берушілерге ҚР Еңбек заңнамасын сақтау бойынша Еңбек инспекциясы тарапынан тексерістер барынша азайтылады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар