- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ЭКСПО-2017-ге қарсы автобус паркі толықтай газ қондырғысымен жабдықталған көлікпен қамтылады
Астанада ЭКСПО-2017-ге қарсы автобус паркі толықтай газ қондырғысымен жабдықталған көлікпен қамтылады
«БРТ бірінші кезегінің құрылысына бәрі дайын. Жоба 100% қаржыландырылды және мамыр айының соңында маусым айының басында құрылыс жұмыстары белсенді жүргізіледі, экологиялық бағдарламамен байланысты екінші жоба - жолаушылар тасымалы бойынша көлік құрамын Францияда шығарылатын «ВЕКО» компаниясының газбен жүретін жаңа автобустарына ауыстыру болып табылады. Жалпы, қалаға 1500 автобус керек. Қазіргі уақытта 350 автобустық келісім-шартқа қол қойылды, маусым айында автобустар жеткізіле бастайды, келісім-шарттар жасасу жалғасады. Әрине, 2017 жылға қарай автобус паркі газбен жүретін автобустармен жаңартылады»,- деді әкім.
Астанада негізгі екі сала бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларға: жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және энергия үнемдеу технологияларын енгізуге тоқталды.
Қаланы жайлы көлік логистикасымен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше бағыттағы кешенді жоспар әзірленді. Нақтырақ айтқанда, ЭКСПО өтетін ауданда жалпы ұзындығы 19 шақырымдық 4 көше салынбақ, соның ішінде Қабанбай батыр даңғылының әуежайдан Қорғалжын тас жолына дейінгі бөлігі қайта салынады, сондай-ақ, 2017 жылға қарай ұзындығы 17 шақырымдық Шағын айналым жолының және орталықтағы қозғалысты жеңілдететін 32 шақырымдық магистраль көшелердің құрылысы аяқталады.
Кездесу барысында Астана қаласының әкімі «Қауіпсіз қала» бағдарламасына тоқталып, елордадағы қонақ үйлер мен тұрғын үй құрылысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп қала әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.
«Қазақстанның өңірлерінен келетін ағыннын автовокзалдар арқылы таратылуы үшін 2 автовокзалдың құрылысы қолға алынады. Теміржол вокзалы салынып жатыр. Ол елордамыз үшін қажет. Бұл жерде қаланың мүддесі «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге сайма-сай болып тұр. Бүгінде Халықаралық әуежайдың жаңа терминалын кеңейту және салу жобалануда. Меніңше, бекітілгеннен кейін, күзге қарай тиісті жұмыстар жүргізіле бастайды», - деді қала басшысы И. Тасмағамбетов
«Сіздермен тағы да кездескеніме қуаныштымын, әр келген сайын осы ілгерілеуді өз көзіммен көріп жүрмін. Жаңадан ғимараттар салынуда. Астана - өте қарқынды дамып жатқан қала. «ЭКСПО- 2017» көрмесіне орай қала түрленіп жатыр. Бұл шаһарды дамытуға өзіндік катализатор іспетті, белгілеген жоспарлардың іске асып жатқанына қуаныштымын. Осының барлығы бұған дейін айтылған ниет-тілектерге сәйкес болады. Көлік жүйесі саласында Сіздер қолжеткізген ілгерілеуді және көлік жүйесі әлдеқайда үнемді, анағұрлым экологиялық болатындай таңдаған шешімдеріңізді байқадым. Қатысушы мемлекеттер осыны үлкен артықшылық ретінде бағалайды деп сенемін», - деп қорытты Висенте Гонсалес Лоссерталес.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды