- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатор Б.Әйтімова Грекияның ҚР-дағы Елшісі және Астанадағы ЕЫҚҰ орталығы басшысымен кездесті
Сенатор Б.Әйтімова Грекияның ҚР-дағы Елшісі және Астанадағы ЕЫҚҰ орталығы басшысымен кездесті
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, оның ішінде парламентаралық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды. Қазақстан Парламентінің екі палатасында Грекия заң шығару органымен ынтымақтастық топтары жұмыс істейді. Сонымен бірге Грекия Парламентінде «Грекия-Қазақстан» достық тобы бар, деп ҚР Парламенті Сенатында хабарлады.
Сенатор Елшіні Астанада алдағы уақытта болатын ЭКСПО-2017 көрмесі туралы хабардар етіп, оған грек жағының белсенді түрде қатысатынына сенім білдірді.
Бүгін Б.Әйтімова сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының Басшысы Наталья Заруднамен де кездесті. Тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Депутат Қазақстан Парламентінің маңызды саяси әріптесі болып табылатын ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясымен сындарлы ынтамақтастықты одан әрі дамытуға біздің еліміздің мүдделі екенін жеткізді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы