- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес балалар құқығын қорғау механизмдерін талқылады
«Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес балалар құқығын қорғау механизмдерін талқылады
Партияның баспасөз қызметінде хабарлағандай, отырысқа ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, соттардың, қоғамдық ұйымдар мен сараптау қауымдастықтарының өкілдері қатысты.
Отырысты ашқан «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің төрағасы, Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық-атқарушылық кодекстер қылмыстық озбырлықтан кәмелетке толмағандар мен әйелдердің құқығын қорғауға бағытталып отырғанын атап өтті. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандар мен жүкті әйелдердің құқығына қол салушылыққа байланысты барлық қылмыстық құқықбұзушылыққа орай жауапкершілік күшейтілді.
Сондай-ақ заңнамада кәмелетке толмағандарға қатысты сексуальдық сипаттағы және өзге де қылмыстар жасаған тұлғаларды педагогикалық қызметпен айналысуға өмір бойға тыйым салу белгіленгенін де атап өтті.
Отырыс барысында ЮНИСЕФ-тің ұлттық сарапшысы Абылайхан Аққұлиев дивергенция институтын дамытуға, яғни ұсақ құқық бұзушылық жасаған балаларды оңалтуға назар аударуды ұсынды,
Сарапшының пікірінше, дивергенция институты жазаға тартылушы жасөспірімге психологиялық соққы беруді болдырмайды және тергеу мен соттың істі қарау шығындарын төмендетеді.
Отырыстың қорытындысы бойынша Нұрлан Әбдіров осы және өзге де заңнамалық шараларды іске асыру кәмелетке толмағандар мен әйелдер құқықтарының қорғалу деңгейін арттырмақ.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды