- Басты
- Жаңалықтар
- Еліміздің оңтүстік аймақтарында геологиялық барлау бойынша шағын кластерді дамыту жоспарлануда- Ж.Әділов
Еліміздің оңтүстік аймақтарында геологиялық барлау бойынша шағын кластерді дамыту жоспарлануда- Ж.Әділов
«Мемлекет басшысы геологиялық барлау саласы бойынша үлкен жаһандық міндет қойды. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, оның ішінде Геология комитеті осы бағытта белсенді жұмыс істеп келеді. Белгілі болғандай Назарбаев университетінің жанынан аталмыш кластер жасақталып, нақты міндеттер айқындалған. Бұл елімізде осы бағытта мықты кластер қалыптасады деген сөз емес. Біз оңтүстік аймақтарға осы сала бойынша шағын кластерді дамытуды жоспарлаудамыз. Себебі, 80 жылдық тәжірибемізбен зерттеулеріміз бар, демек геологиялық барлау саласы бойынша болашағымыз да бар», - деп Ж. Әділов ағынан жарылды.
Сонымен қатар, оның айтуынша, сирек кездесетін металлдарды іздестіру бойынша тапсырма берілді.
«Экономиканың жаңа салалары пайда болуда, және олар үшін сирек кездесетін металлдар мен оларды өңдеу бойынша технологияларда керек», - деп Ж.Әділов толықтырды.
Сонымен қатар, ол мобільді, мультимедиялық, нано- және ғарыштық технологиялардың салаларының негізін салу тапсырылды деп атап өтті.
«Ал, болашақ энергиясына келетін болсақ өте көп ғалымдар бұл мәселемен айналысуда. Атап айтатын болсақ, біздің университет ресейлік ғалымдармен болашақ энергиясын іздестіру бойыша бірлесіп жұмыс істеуде. Алғашқы жоба ғарыштық және күн электростанциясымен тығыз байланысты», - деді оқу орынының ректоры.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Қазақстан геологиялық барлау бойынша әлемдік нарыққа енуі керек деп атап өткен еді.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары