- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада темір жол билеттерін электронды сату орталығы ашылды
Астанада темір жол билеттерін электронды сату орталығы ашылды
ҚТЖ-да хабарлағандай, электронды сату орталығы халыққа қолма-қол немесе электронды ақша арқылы автоматтандырылған өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары арқылы билет сатудың жаға әдісін ұсынады.
Электронды сату залында жолаушылар ақпараттық тақта арқылы пойыздар кестесі мен бос орындар жайлы ақпарат алып, кеңесшілердің көмегіне жүгіне алады.
Жолаушылар үшін залда жайлы орындықтар, бейнемонитор орнатылып, ауа баптайтын және жылытатын автономдық жүйе қызмет көрсетеді.
Жаңа қызметтің іске қосылуы кассалардағы кезекті азайтып, жолаушылардың билет сатып алудағы әрекетін оңтайландырады.
«Бұл арнайы билет сату залында 16 электрондық билет кассасы орнатылған. Оған қосымша 10 қарапайым кассалар халыққа қызмет көрсетеді. Біздің бұл технологияны енгізудегі мақсатымыз - жолаушылардың барынша тез әрі жайлы жағдайда билет сатып алуын қамтамасыз ету,. Осындай 10 касса Алматыда ашылады», - дейді Электронды сату залының ашылу салтанатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Ермек Төлегенов.
Электронды сату орталығын ашу темір жол көлігі жолаушыларына қызмет көрсетудің жаңа бір бастамасы іспеттес.
Айта кетейік, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен оның еншілес кәсіпорны «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2014 жылы электронды-сандық пішінде интернет-ресурс арқылы билеттерді ресімдеу технологиясын енгізу және жолаушыларды арнайы есеп құрылғылары арқылы тіркеп, пойыздарға отырғызу әдісін толықтай енгізуді жоспарлап отыр.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды