ҚР Президенті А. Мұхамедиұлын мәдениет министрі қызметіне тағайындады

12 Наурыз, 2014 15:20
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «А.Мұхамедиұлын Қазақстан Республикасының мәдениет министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

«Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі болып тағайындалсын», - деп Жарлық мәтінінде хабарланған.

Ақордада хабарлағандай, осыған дейін Мемлекет басшысының Өкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа қызметке ауысуына байланысты Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясы ректоры лауазымынан босатылған болатын.

 

Барлық жаңалықтар