- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев ЕурАзЭҚ Бас хатшысы Т. Мансұровпен кездесті
Н. Назарбаев ЕурАзЭҚ Бас хатшысы Т. Мансұровпен кездесті
Ақордада хабарлағандай, кездесу барысында ұйымның қазіргі қызметінің мәселелері, алдағы кезеңге арналған жоспарлар, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің іске асырылу жайы талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттердің интеграциялық құрылымдар аясындағы көптарапты өзара ықпалдастығының негізін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті елдердің технологиялар мен бизнес саласындағы тиімді ынтымақтастығына септігін тигізетін интеграциялық институттар қызметінің жемісті нәтижелеріне назар аударды.
Т.Мансұров ұйымның алдына қойылған міндеттердің іске асырылуы және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер халықтарының мүдделері үшін экономикалық интеграцияға қол жеткізуге бағытталған жұмыс туралы айтты.
Бас хатшы Мемлекет басшысының бұдан 20 жыл бұрын М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті қабырғасында мемлекеттердің Еуразиялық одағын қалыптастыру туралы алғаш ұсынған бастамасы посткеңестік кеңістіктегі экономикалық интеграцияға негіз қалағанын атап көрсетті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады