- Басты
- Жаңалықтар
- Бүгін Қазақстанда «Денсаулыққа 7 қадам» марафоны басталды
Бүгін Қазақстанда «Денсаулыққа 7 қадам» марафоны басталды
Марафонның мақсаты - жаңадан өмірге келген тұстан бастап үлкен жасқа дейін әр азаматтың өзінің денсаулығына және оны жақсартуға жауапкершілігін арттыру, салауатты өмір салтын жүргізуге үгіттеу, денсаулықты сақтайтын қасиеттерге үйрету болып табылады.
Марафон денсаулығын мықты болу үшін өмір бойы ұстанатын 7 қадамнан тұрады.
«1 қадам - Отбасын жоспарлау мектебі, Босануға дайындалу мектебі, Жас ана мектебі. Наурыздың 12 мен 16 аралығында өтетін бірінші қадам шеңберінде әйелдер және ерлердің денсаулық сақтау бөлімдерінде, Денсаулық мектептерінде отбасын жоспарлау, репродуктивті денсаулықты қорғау, жасөспірімдер мен жастарға кеңес беру, ерте және күтпеген жүктілікті болдырмау сынды сұрақтар бойынша семинар-тренингтер өтеді. Сонымен қатар, АМСК ұйымдарында Ашық есік күндері өтеді, онда акушер-гинеколог, уролог, психолог, терапевт және басқада мамандар кеңес береді.
«Бала денсаулығы мектебі» екінші қадамының аясында наурыздың 17 мен 23 аралығында перзентханаларда, перинаталды орталықтарда, ауруханалар мен емханалардың балалар бөлімдерінде жаңадан туылған сәбиді ана сүтімен емізудің пайдасы, иммундық сақтандыру туралы лекциялар өткізіледі, қосымша арнайы мәліметтерге толы үнпарақшаларда таратылады.
Жастардың денсаулығына арналған 3 қадам бойынша наурыздың 17 мен 23 аралығында жасөспірімдер мен жастарға арнайы денсаулықты нығайту, репродуктивті денсаулықты қорғау, ерте және күтпеген жүктілікті болдырмау және басқада тарықырыптарда семинар өткізіледі.
№4 қадам скрининг пен ауруды алғашқы кезеңде анықтауға арналған. Сонымен, наурыздың 24 мен 30 аралығында әлеуметтік маңызды аурулар бойынша скринигтік тексеру бойынша ашық есік күндері өтеді. Сонымен қатар, скринингтік тесерулер арнайы техникамен үй аулаларында да жүргізілетін болады. Ал, халық тығыз орналасқан жерлерде «Денсаулық мектебі» ашылады, онда мамандар өз кеңестерін беріп тексерулер жүргізеді.
Пациент пен медицина қызметкері арасындағы серіктестік бойынша 5 қадам наурыздың 24 мен 30 аралығында өтеді. Ал, 6 қадам аясында 31 наурызбен 6 сәуір аралығында шылым шегу сынды тәуекелі жоғары жаман әдеттен бой алдыру бойынша семинарлар мен тренингтер өтеді. Сонымен қатар, «Белсенді ұзақ өмір сүру» 7 қадамы наурыздың 31 мен 6 сәуір аралығында өтеді.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша