- Басты
- Жаңалықтар
- М.Мұқанов 2014 жылғы ҚР экономикалық дамуының басты міндеттемелерін атады
М.Мұқанов 2014 жылғы ҚР экономикалық дамуының басты міндеттемелерін атады
«Экономика дамуының басым бағыттарының бірі – ел экономикасының әртараптануы. Бұл процесс бір-ақ рет қолға алынып тасталатын мәселе емес. Осы бағытта Үкіметтің, мемлекеттік органдардың, сонымен қатар еліміздің іскер орталарының бар қызметі айқындалды», - дейді М.Мұқанов.
Екінші бағыт, оның айтуынша, әлеуметтік даму. Адам капиталы, атап айтар болсақ соның ішінде білім беру, денсаулық сақтау және өзге де салалардың қарқынды дамуы.
«Осы тұрғда біздің білім беру жүйемізді жаңғырту бойынша күрделі шаруалар атқарылуы керек. Оны алдыңғы қатарлы ең үздік халықаралық талаптар қаралмақ. Бұл шаруа да белгілі бір деңгейде уақытты талап етеді және осы сала бойынша экономиканы алға сүйрейтін мамандарды дайындау мен білікті кадрларды дайындау басты назарға алынады», - дейді Экономикалық зерттеу институтының президенті.
Үшінші бағыт, Мақсат Мұқановтың айтуынша, іскерлік климат пен инвестиция тарту.
«Бұл біздің қазіргі таңда жасап жатқан зерттеуіміздің басым бағыттарының бірі. Өздеріңізге де белгілі, таяуда ғана шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге мораторий жарияланды. Бұл еліміздің іскерлік ауанын арттырып, ел экономикасын өрге сүйрейді. Біздің экономикада басқа емес, ең алдымен өңдеуші секторға инвестиция тарту керек. Атап айтар болсақ олар көлік инфрақұрылымы, білім саласы, денсаулық сақтау және экономиканың алға басуына септігін тигізетін өзге де секторлар», - дейді М.Мұқанов.
Келесі бағыттар ел өңірлерінің дамуымен тікелей байланысты.
«Қазірдің өзінде бізде белгілі бір салалар бойынша атқарылған жұмыстар бар. Алға қойған мақсат – заманауи қалалар салып, Астана, Алматы, Шымкент секілді қалаларға ірі агломерациялық жұмыстар жүргізу. Әрине, ауылдық жерлер де назардан тыс қалмақ емес. Қазіргі таңда экономикалық даму қарқыны белгілі бір деңгейде жүйеленгенін ескерсек, көптеген жүйелі істерді қолға алу керектігі байқалады», - дейді.
Ең ақырғы маңызды бағыттардың бірі, Экономикалық зерттеу институты президентінің айтуынша, мемлекеттік басқару жүйесі.
«Басты міндеттеме – бұл қазіргі таңда қолымызда тұрған бағдарламаларды тиімді және сапалы іске асыру: бюджеттік ресурсты тиімді пайдалану, сонымен қатар өзге де инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану», - дейді М.Мұқанов.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті