• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс РФ құтқарушыларының мемлекеттік шекарадан өтуін оңайлату туралы хаттаманы мақұлдады

Мәжіліс РФ құтқарушыларының мемлекеттік шекарадан өтуін оңайлату туралы хаттаманы мақұлдады

12 Наурыз, 2014 13:00
Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы өнеркәсіптік авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің оңайлатылған тәртібі туралы Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.

«Хаттама бойынша мемлекеттік шекараны авиариялық-құтқару қызметінде   жеңілдетілген  түрін енгізу және Қазақстан мен Ресей өткізу пунктері арқылы әрекеттегі жіберу қағазымен бірінші кезектегі тәртіп бойынша өткізген жөн», - деді ТЖМ министрі В. Божко.

Оның айтуынша, бұл оңайлату үрдісі ынтымақтастық тиімділігін арттыру мен шекаралық елдер арасында  жедел бейімделуді арттырады.

«Мемлекеттік шекарадан өту үрдісін жеңілдету үшін шекаралық қызметте мемлекеттік-тараптар қызметі мен олардың қалыптасуы қарастырылған», - деп комитет хаттамасында жазылған.

Айта кетейік, аталмыш хаттама Қазақстан мен Ресей арасында Павлодарда 2012 жылдың 19 қыркүйегінде жүзеге асты. 

Барлық жаңалықтар