- Басты
- Жаңалықтар
- ДСМ: Калачи ауылындағы жағдай ерекше қадағалауда
ДСМ: Калачи ауылындағы жағдай ерекше қадағалауда
Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлағандай, өткен уақыт ішінде бас айналу, ұйқышылдық, үйлесімнің бұзылуы сияқты жалпы ауру белгілерімен 33 науқас облыстың емдеу ұйымдарына жүгінген.
Ауру белгілері өтпелі сипатта болып, 2-3 күненн соң науқастар өздерін жақсы сезінген. Жыныс және жас ерекшеліктеріне байланысты емес. Симптомдар негізінен наурыз-мамыр айларында байқалды.
Әрбір жағдайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми орталықтары мен комитеттері, ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі агенттігі мамандары кірген арнаулы комиссия жеке қарады.
Комиссия жұмысы барысында 2013 жылы ауа құрамы 500-ге тарта, радиациялық фон 760 рет өлшеніп, азық-түлік, су және адам ағзасына әсер ететін басқа да қоршаған орта факторлары тексеріліп, биологиялық материалдардың (шаш, тырнақ және т.б.) 29 үлгісі зерттелді. Барлық көрсеткіштер шекті нормадан аспайды.
«Комиссия жұмысын жалғастыруда.Зерттеулердің нәтижелері қорытындыланып, мүдделі органдар мен ведомстволарға қосымша ұсынылатын болады», - деп хабарлады ДСМ-де.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді