• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс ЕурАзЭҚ экспорттық бақылаудың бірыңғай тәртібі туралы келісімнің күшін жою туралы заң жобасын қарауға алды

Мәжіліс ЕурАзЭҚ экспорттық бақылаудың бірыңғай тәртібі туралы келісімнің күшін жою туралы заң жобасын қарауға алды

12 Наурыз, 2014 11:50
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста «Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы» келісімінің күшін жою туралы заң жобасын жұмысқа алды.

«Аталмыш келісімнің нормалары бүгінгі таңда өзекті емес және Ұлттық экспорттық қадағалаудың жүйесін нығайтуға әсер етеді. Аталмыш келісімнің күшін жою елдің ұлттық қызығушылығын назарға алып отыр, сондай-ақ, ҚР-ның халықаралық қызметтерін жүзеге асыруға септігін тигізеді. Комитет өз мойнына заң жобасын алып оған 2014 жылдың 25 маусымына дейін шарт жасау жауапкершілігін алуға дайын», - деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, заң жобасын әзірлеу қажеттігі бүгінгі күнде қосарланған мақсаттағы тауарлардың жаппай қырып-жою қаруларын, жай қару-жарақ жасау, сонымен қатар тікелей террористік қызмет үшін пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан қауіп төндіруіне байланысты туындады.

«ЕурАзЭҚ кеңістігінде бақыланатын тауарлардың еркін қозғалуы Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерін, оның ішінде жаппай қырып жоятын қаруды таратпау саласында халықаралық конвенциялар ережелерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі санкцияларын және халықаралық экспорттық бақылау режимі талаптарын іске асыру бөлігінде бұзуға әкеліп соғады», - деді Мәулен Әшімбаев .

 

Барлық жаңалықтар